Ауданнан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне алғашқы қонақ аттанды

Dalanews 15 мау. 2017 08:05 189

Созақ ауданының әкімі С.Полатов Астанада өтетін Іскер әйелдер ассоциациясының үшінші конгресіне, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына ауданнан барып, қатысып қайтатын делегаттарды қабылдап, сәт сапар тіледі. Делегаттар «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері.
Аудандық "Созақ үні" газетінің аға тілшісі «Бақ-Нұры», қоғамдық іскер әйеддер бірлестігінің төрайымы Н. Майусова, аудандық «Тілдерді дамыту орталығының» басшысы Г.Биғондиева және аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы Э. Мамадалиева аудан басшысына ризашылығын білдірді.

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен Іскер әйелдер ассосациясының үшінгі конгресінен келген соң алған әсерлері жайлы ой бөлісетіндіктерін жеткізді.

Айта кету керек аталған іскер әйелдер ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне ауданнан алғашқы қонақ ретінде аттанып отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x