Аудан әкімі қарттарға құрмет көрсетті

Dalanews 03 қаз. 2017 14:01 916

Қазақ қоғамында ақсақалдар елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Қарттар қашанда елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген. Халықтың "Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең", "Қариясы бар елдің қазынасы бар" деген сөздерінің мәнісі ақылдың кені, қазыналы қарттарды құрметтеу, ақсақалдар қауымын ардақтау болып табылады.



1 қазан – Қарттар күніне орай, Ордабасы аудан әкімі Рашид Қайыпжанов Шымкенттегі №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына барып, жалғыздықтың тауқыметін көтерген қарияларды мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, қарттар үйі ұжымына шынайы алғысын жеткізіп, сый-сияпат жасады.

– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы саясатын басшылыққа ала отырып, ардагерлерімізді ардақтап, құрметтеуге әрқашанда дайынбыз. Сіздерді әлеуметтік жағынан қолдаудың тиімді тәсілдерін бұдан кейін де жүзеге асыра береміз, – деді аудан басшысы өз құттықтауында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар