Өскемен қаласында әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Қала тұрғындары үйлеріне жылу берілмей келе жатқанына наразылық білдірген еді. Ал синоптиктер болса, алдағы күндері ауа райы салқын әрі жауынды болатындығын болжады.
Осыған байланысты Өскеменде жылыту маусымы жоспарланған уақыттан ертерек басталатын болды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.
— 1 қазаннан бастап көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беріледі. Ал мектептерде, балабақшаларда, медициналық мекемелерде және басқа да әлеуметтік нысандарда жылу беру жұмыстары қазірдің өзінде басталып кетті. Ауа райының салқындауына байланысты және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жылыту маусымын ерте бастау туралы шешім қабылданып отыр, — делінген хабарламада.