Бас прокуратура Құрылтай сайлауы алдында заңсыз үгіт-насихат пен сауалнама жүргізгені үшін жауапкершілік барын ескертті

Бас прокуратура Құрылтай сайлауы алдында заңсыз үгіт-насихат пен сауалнама жүргізгені үшін жауапкершілік барын ескертті
"КТК" кадры

Бас прокуратура Құрылтай депутаттарын сайлау қарсаңында заңсыз үгіт-насихат жүргізгендерге, сайлауға байланысты заң талаптарын бұзғандарға жауапкершілік қарастырылғанын еске салды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, 2-23 шілде аралығында саяси партиялар партиялық тізімдерін ұсынады және тіркейді. Ал сайлауалды үгіт-насихат 23 шілдеде сағат 18:01-де басталып, 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін жалғасады.

Заңға сәйкес партиялық тізімдерді тіркеу аяқталғанға дейін қандай да бір сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге жол берілмейді.

Бұл талапты бұзғандарға 151,3 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ, сайлауалды үгіт-насихат жүргізу тәртібін бұзғаны үшін 129,7 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.