Қара теңізде қазақстандық мұнайды тиеуге бағыт алған екі танкерге дрондар шабуыл жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Reuters агенттігінің мәліметінше, шабуыл Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Новороссийск маңындағы терминалына бет алған танкерлерге жасалған.
Қазақстанның Энергетика министрлігі оқиғаны растады. Ведомствоның хабарлауынша, министрлік «ҚазМұнайГаз», Каспий құбыр консорциумы және кеме иелерімен бірлесіп қазақстандық мұнай экспортын үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының негізгі бөлігі әлемдік нарыққа шығарылады. Сондықтан аталған бағыттағы кез келген кедергі экспорт көлеміне әсер етуі мүмкін.
Айта кетейік, соңғы күндері Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымы мен теңіздегі танкерлеріне дрон шабуылдарын күшейткен. Reuters мәліметінше, 7–8 шілдеде Азов теңізіндегі ресейлік танкерлер мен мұнай нысандарына да соққы жасалған.