Қазақстан жалға алған портқа соққы жасалды деген ақпарат шындыққа жанаса ма?

Қазақстан жалға алған портқа соққы жасалды деген ақпарат шындыққа жанаса ма?
Фото: За нами уже выехали

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранның оңтүстігіне жасаған әуе соққылары кезінде Қазақстан жалға алған портқа шабуыл жасалды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды dalanews.kz.

"За нами уже выехали" телеграм арнасының  мәліметінше, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде "Қазақстан кеше ғана жалға алған порт АҚШ-тың әуе шабуылынан зардап шекті" деген мазмұндағы хабарламалар тараған. Алайда министрлік бұл мәліметтің шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

"Қазақстан жалға алған аумаққа ешқандай әуе соққысы жасалған жоқ. Таралған тақырып пен ондағы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды", – делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар шетелдік ақпарат құралдары АҚШ-тың Иранның оңтүстігіндегі нысандарға, соның ішінде Ормуз бұғазы маңындағы портты қалалар мен аралдарға соққы жасағаны туралы хабарлаған. Осыдан кейін кейбір жарияланымдарда бұл оқиға Қазақстан жалға алған портпен байланыстырылып, жаңсақ ақпарат тараған.