Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Қазгидромет

29 мамырда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

29 мамырда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: 29 мамырда жоғары өрт каупі сақталады.

29 мамырда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақытта екпіні 18-23 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматы қ.: 29 мамырда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Қонаев қ.: 29 мамырда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 29 мамырда кей уақыттарда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18-23 м/с.

29 мамырда Атырау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 29 мамырда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Астана қ.: 29 мамырда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

29 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

29 мамырда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 29 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

29 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

29 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: 29 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

29 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавл қ.: 29 мамырда жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

29 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ.: 29 мамырда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.