Атырау облысында жасөспірімдер арасында төбелес болып, екі бала соққыға жығылған. Оқиға сәуірде Жылыой ауданында болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, оқиғаға 13-14 жастағы жасөспірімдер қатысқан. Қазір олар кім екені анықталған.
Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген. Олар профилактикалық есепке қойылды.
Жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жолданған. Комиссия алдағы уақытта тиісті шара қабылдайды.
Сонымен қатар, ата-аналар балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.