– Индустрияландыру картасы аясында биыл жалпы құны 817 млрд теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылып, 570 жұмыс орны ашылады, – деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.
Атап өту керек, өткен жылы индустрияландыру картасы аясында, Атырауда 7 жоба ашылып, 580 жұмыс орны құрылды.
Олардың қатарында, «Доктор Хаус» ЖШС-нің «Медициналық бетперделер өндірісі», «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің «Құс етін өндіретін фабрикасы» және «Бест Модуль» ЖШС-нің металлдан жасалған модульдік ғимараттары бар.
Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында, atyrau.gov.kz сайты тікелей эфирде және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.