Атырау облысының әкімі отставкаға кетуге дайын отыр

Dalanews 14 желт. 2021 06:18 227

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов орынбасарларының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanewz.kz.

Өңір басшысы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдіргенін Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жеткізді.

Әкімдіктің ресми өкілі облыс әкімі бұған дейін қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдегенін айтты.

"Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін де заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп күдікке ілінген орынбасарларының бірі сот үкімі бойынша кінәлі деп танылса, қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеген", – деді әкімдік өкілі.

Еске салсақ, өткен аптада Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x