Freedom Inside '26

Атырау облысында зираттан қару табылды

Атырау облысында зираттан қару табылды
"Ақ Жайық"

Атырау облысында зират аумағында жасырылған қару табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл ақпарат азаматтардың бірінің мойындауынан кейін белгілі болған. Осыдан соң күштік құрылымдар зираттағы қабірлердің бірін тексерген.

13 сәуірде қабірден аңшы қаруы мен 12 калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленген. Барлығы заңсыз сақталған.

Қазір бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Ведомство өкілдері мұндай шаралар заңсыз қару айналымының алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.