Атырау облысында тұрғын үй құрылысына ақша салып, алданған үлескерлер әділдікке қол жеткізді

Кәмшат Тілеухан 15 мам. 2025 11:50 444

Атырау қаласының прокуратурасы "Атамекен тұрғын үй", "Family town", "Baisanat Residence" және "SaraishyqInvestGroup" тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің (ТҚК) құрылтайшылары тарапынан заңсыз әрекеттерден зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зардап шеккен пайшылардың құқықтарын қорғау мақсатында Атырау қаласының прокуратурасы "Baisanat Residence" ТҚК және оның құрылтайшыларымен жасалған шарттарды бұзу, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс нысандарынан алынған қаражаттарды пайшыларға табыстау туралы талап арызбен Атырау қалалық сотына жүгінді.

"Сот прокуратураның талаптарын заңды деп танып, талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Бұл шешім пайшыларға инвесторларды тарта отырып, құрылысты аяқтауға және көптен күткен баспаналарын алуға мүмкіндік береді", делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, Атырау қаласының прокуратурасының қабылданған шаралары нәтижесінде "Қазанат" ТҚК жер учаскесін пайшылардың меншігіне қайтарып, сондай-ақ "Ақмаржан" ТҚК тұрғын үйінің пайдалануға берілуін қамтамасыз етті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар