Атырау облысында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін - мамандар мәлімдеме жасады

Қаракөз Амантай 30 сәу. 2024 15:36 4576

Ведомство 3 мамырда Батыс Қазақстан облысынан үлкен су ағынының келуіне байланысты облыста су тасқынының екінші толқыны өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

"Орал өзені - Махамбет ауылы мен Орал өзені - Атырау қаласының гидрологиялық бекетінде су деңгейінің артуы күтілуде. Қауіпті белгілердің артуы Жайық өзенінің бойындағы Махамбет ауданында (Махамбет, Талдыкөл) және Атыраудың (Алмалы, Береке, Еркінқала) әкімшілік аумақтарында орналасқан елді мекендерді су басуына әкелуі мүмкін", - делінген Қазгидромет мәлімдемесінде.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыста су тасқынының алдын алу шаралары басталып кетті. Ұзындығы 506,7 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері салынып, бес миллионға жуық (4 882 352) құм салынған қап төселді.

"Орындалған жұмыс көлемі нақты өлшеу қорытындысы бойынша жағалау сызығының жалпы ұзындығын ұлғайту есебінен 95,5 пайызды құрайды (бастапқыда картографиялық деректер бойынша жоспарланған ұзындығы 105 шақырымды құрады). Жайық өзенінің үлкен ағысын Атырауға қарай түсіруге арналған негізгі арналардың бірі "Соколок" каналында жағалауды нығайту жұмыстары толығымен аяқталды",-деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Соколок" каналының өткізу қабілеті секундына шамамен 100 текше метр суды құрайды. Каналдың ерекшелігі – ол  Жайық өзені мен Каспий теңізін қосып, қаланы айналып өтеді. Оның ұзындығы – 32 шақырым.

Соколок каналының өткізу қабілеті секундына шамамен 100 текше метр суды құрайды. Каналдың артықшылығы -  Жайық өзені мен Каспий теңізін қосады, қаланы айналып өтеді, ұзындығы 32 шақырымды құрайды.

"Соколок каналының бастапқы жоспары бұрыннан бар каналды бөгеттермен нығайту болатын, бірақ сараптамадан кейін ескі каналға параллель жаңа канал қазу туралы шешім қабылданды, өйткені оның батпақты жерлері көп және оларға техниканың қолжетімділігі шектеулі болды. Жаңа арнаның өз бөгені бар, ол барлық стандарттар бойынша нығыздалған, оның биіктігі Балтық белгісі бойынша 21 метр",-деп хабарлады Атырау облысының әкімдігі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар