Атырау облысында сталкер сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Айта кетейік, елімізде Қылмыстық кодекстің 115-1 («Сталкинг») жаңа бабы өз күшіне енді.Бұл бап бойынша алғашқылардың бірі болып жауапкершілікке тартылған Құрманғазы ауданының тұрғыны.
Атырау облысында ер адам 2025 жылдың қыркүйегінде жәбірленушінің үйіне жүйелі келіп және терезесінен сығалаған.
Әйел шамадан тыс назарға шыдай алмай, құқық қорғау органына жүгінген.
Әйелдің психологиялық жағдайына елеулі зиян келтірген «ынтызардың» аңду әрекетін сот заңсыз деп танып және оған 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың шілдесінен кез-келген адамның еркінен тыс қарым-қатынас орнатуға тырысу (егерде бұл зиян келтірсе) аңдушы тіпті физикалық қол жұмсамаса да қылмыс болып саналады.
ҚР ҚК 115-1-бабының ең ауыр жазасы ретінде: қамауға алу 50 тәулік, айыппұл 200 АЕК, қоғамдық немесе түзеу жұмыстары көзделген.
