Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдіктіге қатысты мәлімет жарияланды

Көркем Алдабергенова 09 қаң. 2026 09:44

Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген азаматқа қатысты ориентировка жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атап айтқанда, Атырау облысында бір отбасы мүшелерін өлтірді деп күдікке ілінген, марқұмдардың күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты іздеу карточкасы жарияланған.

«Сәрсемәлиев Сұлтан Самиғоллаұлы. Бір тәуліктен бері іздеуде. Туған күні: 24.04.1996 жыл, жынысы: ер, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты - қазақ. Іздестіру ісі 08.01.2026 жылы “Атырау облысы” өңірі бойынша тіркелген. Бастамашы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі. Іздестіруді жүргізіп отырған орган - Атырау облысының полиция департаменті (тел.: 982155)», - делінген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған іздеу карточкасында.

Еске салайық, Жангелдин ауылынан шыққан отбасы 2025 жылы жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен болатын. 6 қаңтарда Атырау облысында жоғалған отбасының екі мүшесінің - отағасы Мақсот Қарабалиннің және оның жұбайы Нәсіп Үтешқалиеваның мәйіттері табылғаны хабарланды. Кейінірек іс бойынша күдіктілердің жеке басы анықталды.

7 қаңтарда қылмысқа қаза тапқандардың күйеу баласы, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті ретінде танылғаны белгілі болды. Ал 8 қаңтарда оның ресми түрде іздеуге жарияланғаны хабарланды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар