Атырау облысында газдан уланған үш тұрғын көз жұмды

Дінасыл Хамит 29 жел. 2025 09:12

Атырау қаласына жақын орналасқан Томарлы ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын алды. 28 желтоқсан күні бір үйде үш адам газдан уланып көз жұмған, деп хабарлайды Dalanews.kz

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, марқұмдардың екеуі 1958 жылы дүниеге келген ерлі-зайыпты. Сондай-ақ, үй ішінде 1953 жылы туған тағы бір ер адамның мәйіті табылған. Үшеуі де оқиға орнында жан тапсырған.

Алдын ала деректерге сәйкес, қайғылы жағдай газбен жұмыс істейтін жылыту пешіндегі тарту жүйесінің, яғни мұржасының дұрыс жұмыс істемеуінен туындауы мүмкін.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар