Атырау облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Ақтоты Жапатова 09 нау. 2026 09:35

Атырау облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар тасжолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz

"2026 жылғы 9 наурыз сағат 10:00-ден бастап «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 621–841 шақырым аралығында, яғни Атырау қаласы мен Құрманғазы ауылы арасындағы учаскеде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген ҚазАвтоЖол хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізіліп отыр. Мұндай шара жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.

Алдын ала жоспар бойынша, жол қозғалысы 2026 жылғы 10 наурыз сағат 09:00-де қайта ашылады.

Жол қызметі жүргізушілерге алыс сапарға шығар алдында жолдардың жағдайын тексеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді. Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығы арқылы тәулік бойы алуға болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove