Ата-ана ұлының қазасына қатысы бар адамдардың жазалануын талап етуде

Жарбол Кентұлы 05 қыр. 2024 18:40 1579

Осыдан екі жыл бұрын Алексейдің 32 жасар ұлы Эдуард жұмбақ жағдайда қаза болған. Ол Батыс Қазақстан облысындағы Дөңгелек су қоймасында қорықшы- егерь болып жұмыс істеген.

Өткен жылдың тамыз айының басында катермен кезекшілікке кеткен Эдуардтың өлі денесі судан табылыпты. Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Жігербаев Эдуард абайсызда қаза болды деген желеумен, хаттамада дене жарақаттарын көрсетпей қылмыстық істі жауып тастаған. Сот медсарапшы Жүнісов те оны қолдаған.

Бұған келіспеген Алексей Победимов Астанадан тәуелсіз сарапшылар шақырып, ұлының мүрдесіне эксгумация жасауға мәжбүр болады.

"Жаңа сараптама нәтижесі Эдуардтың он қабырғасы, саусақтары сынғанын көрсетіп берді. Ал сарапшы Жүнісов мұның бәрін жасырған. Әлі жұмысында жүр. Тергеуші Жігербаев та жұмысында. Сонда аса ауыр қылмысты көзжұмбайлықпен жасырған адамдарға неге жаза алынбайды? Одардың артында қай мықты тұр?" - дейді А.Победимов


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар