Астаналық әйел баласының «еміне» деп алаяқтық жолмен ақша жинаған

Асель Қайратқызы 14 қаз. 2025 12:18

Астанада баласы «оқыс оқиғаға ұшырады» деп әріптестерін алдаған, сол арқылы оның «еміне» деп ақша жинаған әйел жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайдыDalanews.kz. Polisia.kz- ке сілтеме жасап.

31 жастағы әйел декреттік демалыста жүрген кезінде басшысына хабарласып, қайғылы оқиға болды деп мәлімдеген: оның айтуынша, баласы терезеден құлап кеткен әрі жансақтау бөлімінде жатыр.

Әріптестері баланың «еміне» деп ақша жинап, әйелдің банк картасына аударған.

Алаяқтық әрекеті әріптестерінің бірі әйелдің күйеуіне хабарласқанда әшкереленді. Ол баласының жағдайы жақсы екенін, ешқандай оқиға болмағанын айтқан.

Жиналған ақшаны әйел өз қажетіне жұмсаған, оның ішінде Түркияға демалысқа шығу шығындарын да қамтыған.

«Алаяқтықтың ауқымын түсінген жәбірленушілер бірден полицияға жүгінді. Құқық қорғау органдары жедел тексеру жүргізіп, әйелді алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартты»,- деп хабарлайды ІІМ- нің баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері сенімді теріс пайдалану мен өзгенің жанашырлығын өз мақсатына пайдалану- қылмыс екенін ескертті. Сондай- ақ, азаматтарды сақ болуға, ақпаратты мұқият тексеруге және эмоционалдық арандатушылыққа ермеуге шақырады.                                       

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар