Freedom Inside '26

Amanat партиясының ғимараттарындағы жазу "Әділет" болып өзгертіле бастады

Amanat партиясының ғимараттарындағы жазу "Әділет" болып өзгертіле бастады
"ГосАрхив" арнасы

Еліміздің бірқатар қаласында Amanat партиясының атауы "Әділет" болып өзгертіле бастады. Астана мен Шымкенттегі партия ғимараттарының маңдайшасына жаңа атау орнатылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сондай-ақ, елордадағы партияның орталық аппараты орналасқан ғимараттағы Amanat жазуы "Әділет" атауына ауыстырылды.

Бұған дейін "Әділет" партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы құжаттарды рәсімдеу шамамен алты айға созылатынын айтқан еді.

Айта кетейік, "Әділет" партиясы 2026 жылғы 1 маусымда мемлекеттік тіркеуден өтті. Ал 12 маусымда өткен Amanat партиясының съезінде делегаттар "Әділетпен" бірігу туралы шешімді бірауыздан қолдады.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның айтуынша, бірігу үдерісін шілдеде бастау жоспарланған. Қазір тараптар біріккен партияның алдағы жұмысына қатысты мәселелерді талқылап жатыр.