Астанада Сатыбалдыұлына қатысты тағы бір сот басталды

Астанада Сатыбалдыұлына қатысты тағы бір сот басталды
Коллаж: Dalanews.kz
В Астане в межрайонном суде по уголовным делам началось новое судебное разбирательство в отношении Кайрата Сатыбалдыулы.

Астанада Сатыбалдыұлына қатысты тағы бір сот өтіп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты жаңа сот отырысы Астанада қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта өтіп жатыр.

Бұл жолы Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды (жылыстатты) деп айыпталуда.

Бұған дейін Алматының орталығындағы Double Tree by Hilton Almaty қонақүйі бір кездері кәсіпкер Шолпан Қаранеевадан рейдерлік жолмен тартып алынған. Қонақүй Қайрат Сатыбалдынының қолына түсіп үлгерген болатын. Бұл кезде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі түрмеде отырған. Тергеуде және уақытша ұстау изоляторында болғанына қарамастан, ол құжаттарға қол қойып, қонақүйге қол жеткізген. Кәсіпкер Шолпан Қаранеева мен адвокаты Асқар Утешов Сатыбалдыұлы рейдерлік шабуылды қалай жасағанын баяндап берген болатын

Айта кетейік,2022 жылы наурызда Сатыбалдыұлы шетелге қашып бара жатқан жерінен ұсталған болатын. Бүгінде ол бірнеше бап бойынша айыпталып, мүлкі тәркіленіп, алты жылға бас бостандығынан айырылды. 

2023 жылы желтоқсанда Қайрат Сатыбалдыұлы 55 миллиард теңгеден аса ақшаны мемлекетке қайтарған болатын. Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеру шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті қайтарып жатқанын хабарлаған болатын.

Кейіннен Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 млн АҚШ доллары) түсті. Бұдан бөлек, Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 942 гектар жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның нарықтық құны 13 миллиард теңгеден асады.