Астанада қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқан ер адам жауапқа тартылды

Астанада қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқан ер адам жауапқа тартылды
ІІМ

Астанада қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқан ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция қызметкерлері көлік салонында отырып, дабыл тапаншасынан ауаға екі рет оқ атқан 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Тексеріс барысында құқық бұзушы бұл әрекетті жасаған кезде алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Құқық бұзушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін оған әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Ал қаруды заңсыз сақтау және алып жүру дерегі бойынша жиналған әкімшілік материал соттың қарауына жолданды.

"Сонымен қатар, сот қаулысымен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушыға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды", - деді полиция.