Астанада қоғамдық іс-шара кезінде балағат сөз айтқан спортшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Полицияның мәліметінше, ол қоғамдық орында әдепсіз сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан. Осыған байланысты оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.
Сот шешімімен спортшыға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.
ІІМ қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін кез келген әрекет заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.