Астанада қар күреуге 2 300 жол қызметкері жұмылдырылды

Dalanews 20 сәу. 2023 13:50 267

Өткен түнде елордадан 41 мың текше метрден астам қар шығарылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, – деп хабарлайды Dalanews.kz  Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

20 сәуірге қараған түні коммуналдық қызмет Астанадан 41 164 текше метр қар шығарды, бұл 2 766 ауыр жүк көлеміне тең.

20 сәуір күні таңертең елорданың жолдары мен көшелерінен қар мен мұзды 2 300 жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника жинайды.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 4,2 млн текше метрден астам қар шығарылды, полигондарға 333 577 рейс жасалды.


Естеріңізге сала кетейік, сәуір айының ортасында елордада толассыз қар жауған болатын. Бір апта ішінде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі есе асып түсті. Осы уақыт ішінде коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар