Астанада қала кеңістігін абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыс жалғасуда. Бұл жұмыстар елорданың барлық аудандарын қамтиды. Атап айтқанда, аулаларды кешенді жаңарту, қоғамдық кеңістіктерді, саябақтар мен скверлерді, жаяу жүргіншілер аймақтарын абаттандыру жүргізілуде,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Қалалық аулаларда жаңа инфрақұрылым элементтері орнатылып жатыр: жарық шамдары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балаларға арналған ойын және спорт алаңдары, шағын сәулет нысандары. Көгалдандыруға ерекше мән беріліп, ірі көлемді ағаштар, көпжылдық бұталар мен көгалдар отырғызылуда. Мақсат – жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.
Биыл қалада 1 миллионнан астам жасыл желек (ірі ағаштар, көшеттер, бұталар және т.б.) отырғызу жоспарланған. Мәселен, Мәңгілік Ел даңғылы бойында (Ұлы Дала даңғылынан бастап Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта), сондай-ақ Есіл өзенінің бойындағы саябақ кластерінде (Бейбітшілік және келісім саябағы, Триатлон паркі, Президенттік саябақ, «Қалалық романс» саябағы) абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Есіл наубережный (Қабанбай батыр даңғылынан Сарайшық көшесіне дейін) абаттандырылып, жаңа демалыс аймақтары мен спорт инфрақұрылымы пайда болады.
ЛРТ желісінің бойындағы көшелер – Сығанақ көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы бойында 7 500 ағаш отырғызылып, эстакада астында қоғамдық кеңістіктер жасалады. «Хан Шатыр» СО-ның артында Greenline жаяу жүргіншілер бульвары жалғасады. Алғашқы учаске Күлтегін көшесінен Анет баба көшесіне дейінгі аралықта салынбақ. Бұдан бөлек, жаңа кеңістік Қ.Мұхамедханов, Күлтегін, Сығанақ және Анет баба көшелері арасындағы кварталда пайда болады.
Абаттандырылған аула мекенжайлары бойынша:
-
Алматы ауданы: Тәуелсіздік даңғылы 34/1, Мұсрепов көшесі 6/4 және 5, Абылай хан даңғылы 19/3, 19, Рыскүлбеков көшесі 16/1, 16/3, 8/1, 8/7, Мустафин көшесі 21/3 және 21/2, Құдайбердіұлы даңғылы 19/2, 24, Манас көшесі 20/2 және 20/1, Күйші Дина көшесі 42/2, 40, 23, Жұмабаев даңғылы 1, 16/1, 16/2, Романтиков көшесі 27. Сонымен қатар «3 гектар» ТК мен «Ақ мешіт» мешітінің арасындағы бос аумақта жаңа қоғамдық кеңістік жасалды.
-
Байқоңыр ауданы: 18 аула ашылып, 40-қа жуық аулада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ахмет Жұбанов көшесінде жаңа сквер, Абая даңғылы бойында «Коммунальшылар» сквері ашылды. Қазір Абая даңғылы (Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейін) мен Баянауыл көшесінде (Ғабдуллиннен бастап Иманбаевқа дейін) жұмыс жүріп жатыр.
-
Сарайшык ауданы: 10-нан астам аула мен қоғамдық кеңістік ашылды. Ойын және спорт алаңдары орнатылып, көгалдандыру жүргізілді. «BRAVO FAMILY» ТК мен «HighVill» және «Гранд Астана» ТК айналасында қоғамдық кеңістік жасалуда. Жұмысшы мамандықтарының маңызын насихаттайтын «Мамандықтар аллеясы» атты тақырыптық сквер жобасы іске қосылды.
-
Сарыарқа ауданы: 22 аула мен 3 қоғамдық кеңістік ашылды, оның ішінде Алтынемел және Гёте көшелерінің қиылысында, Ы. Дүкенұлы көшесі мен Республика даңғылы бойындағы «Иллюзия сквері».
-
Нұра ауданы: Орталық саябақ реконструкциядан кейін ашылды. Туран даңғылы 56 және Ш.Айтматов көшесі 31 мекенжайларында жаңа аулалар ашылды. Бұған дейін Мәметова көшесі, Сығанақ, Анет баба және Қ.Мұхамедханов көшелеріндегі бірқатар аулалар жаңартылған болатын. Үркер тұрғын алабындағы №69 мектеп-гимназиясының артында, «Нұра» спорт кешені маңында және «Айғыржал» сквері абаттандырылды.
-
Есіл ауданы: «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 6 жоба іске асырылып жатыр. «Comfort Town», «Астана Жұлдыз» ТК және Мәңгілік Ел даңғылы бойында аулалар жаңартылды. Балалар алаңдары, тартан жамылғы, футбол алаңдары орнатылды. Достық, Қазақ радиосы, Керей-Жәнібек хандар, Түркістан, Гейдар Әлиев және Қабанбай батыр көшелері бойында 8 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Мыңдаған ағаштар отырғызылды.
Жеке құрылыс салушылардың бастамасымен «Altyn Adam» ТК-нің қарсы бетінде жаңа саябақ салынып жатыр. Мұнда габионы бар терассалармен көмкерілген су қоймасы, жаяу көпір, пирс, амфитеатр, құстар ұя салатын аралдар, үш деңгейлі бақылау алаңы, балалар ойын алаңы, теннис корттары, футбол алаңы және демалысқа арналған коммерциялық нысандар болады. Жасыл желекпен толық қамтамасыз етіліп, саябақ 2025 жылдың қазанында толық аяқталады.
Айта кетейік, биыл Астанада 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер, бульварлар) абаттандырылады. Жұмыстар барлық аудан мен тұрғын алаптарды қамтиды. Қазіргі уақытта олардың басым бөлігі аяқталды.