Астанада полиция мен Ұлттық ұлан күшейтілген режимге көшті

Астанада полиция мен Ұлттық ұлан күшейтілген режимге көшті
ІІМ

Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілді. Қала көшелеріне қосымша полиция жасақтары мен Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, күшейтілген бақылау маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар қарсаңында ұйымдастырылған. Негізгі мақсат - жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын тексеру.

Қаладағы патрульдеу жұмыстарына полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан сарбаздары тартылған. Құқықбұзушылықтың алдын алуға, жол қауіпсіздігін бақылауға және адам көп жиналатын орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр.

Айта кетейік, 28-29 мамыр күндері Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы мен V Еуразиялық экономикалық форум өтеді.