Астанада өзін полицеймін деп жұртты бопсалаған адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 22 қыр. 2025 09:32

Астанада өзін полицеймін деп жұртты бопсалаған адам ұсталды. Бұл туралы ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қыркүйекте өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, ақша бопсалаған елорда тұрғыны ұсталды. Күдіктіден жалған куәлік тәркіленген.

Сондай-ақ, Астанада әлеуметтік желілер арқылы бопсалау сызбасын ұйымдастырған, бұрын сотталған әйел ұсталды. Күдікті танысу және кездесуді сылтау етіп, зорлық туралы жалған арызбен полицияға жүгінемін деп ер адамдарды қорқытқан. Ол ұсталып, жауапкершілікке тартылды.

Одан бөлек, 25 жастағы ер адам ұсталған. Ол күш қолданамын деп қорқытып, бопсалаумен айналысқан. Одан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Елорда тұрғындарының шағымын тексеру барысында "Лазурный квартал", "Дипломат" және "Мисон" тұрғын үй кешендерінде заңсыз притон ұйымдастырған топ анықталған. 14 адам ұсталып, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар