Астанада оқушы қыздарға қырыңдаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Істің мән-жайына қатысты қалалық білім басқармасы пікір білдірді.
«Мұғалім 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері сынақ мерзімінде жұмыс істеді. Мектепішілік тәртіп комиссиясының шешімімен педагог 2024 жылғы 30 қыркүйекте жұмыстан босатылды», - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай ұстазды ҚР Еңбек кодексінің 52 бабы, 14 тармағы негізінде (тәрбиелеу функцияларын атқаратын жұмыскер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған) жұмыстан босатқан.
Ата-аналар шу шығарғаннан кейін жұмыстан қуылған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат таратуға жатпайды», - деп растады елорданың полиция департаменті.
Сондай-ақ, еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын желіде жазды.