Астанада мектеп оқушысы компьютер құрастырып шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Елорда әкімдігі мәліметінше, №119 мектептің 10-сынып оқушысы Аят Тәжен шағын компьютер құрастырып, бағдарламасын жасаған. Дайын құрылғы тестілеуден өткізіліп, оның жұмыс жылдамдығы, интернетке қосылу мүмкіндігі және энергия тұтыну көрсеткіштері тексерілген.
Нәтижесінде бұл құрылғы оқуға және қарапайым жұмыстарға толық жарамды екені анықталған.

"Аят жобаны жетілдіру мақсатында Raspberry Pi негізіндегі шағын ноутбук құрастыру жолдарын зерттей бастады. Ноутбук корпусының өлшемдерін анықтап, 3D моделін жобалады. Жобаны жасауға шамамен 2 ай уақыт кетті", - деді жетекшісі Айбала Сарбасова.
