Астанада судья Асель Досаеваға қатысты әкімшілік іс сот қарауына жолданды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Асель Досаева бірнеше ай бұрын қала көшелерінің бірінде мас күйде рөлге отырған күйі ұсталған. Полиция тексерісі оның мас күйде болғанын дәлелдеп, сонымен қатар жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткенін анықтады. Көлік айып тұрағына жеткізілді.
Айта кетейік, оқиға барысында Досаеваның судьялық мәртебесіне байланысты іс бірден қаралмады. Кейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Мемлекет басшысына ұсыныс енгізіп, судьяны әкімшілік жауапкершілікке тартуға рұқсат алған.
Іс бойынша сот отырысы 31 желтоқсанға белгіленгенімен, қосымша материалдар жинау үшін кейінге қалдырылған.
Асель Досаева бұған дейін Маңғыстау облысында судья болып жұмыс істеген, кейін қызмет бабымен Астанаға ауысқан. Оқиға оның кәсіби беделіне елеулі соққы болды.
