Әлеуметтік желіде Facebook платформасында Руслан Түсіпбековтің Астана қаласындағы көшелердің біріне Магомед Нурбагандовтың есімі берілді деген жазбасына байланысты ресми түсініктеме берілді (қазіргі таңда бұл жазба өшірілген), деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, Астана қаласында Магомед Нурбагандовтың атымен аталған көше жоқ. Аталған атауды беру жөнінде ешқандай нормативтік-құқықтық акт қабылданбаған. Қазіргі таңда бұл көше жобалық атаумен С192 жобалық көшесі деп аталады.
Сондай-ақ қазір 2GIS және Yandex компанияларымен электронды карталарда аталған көше атауының пайда болу себептерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Google картографиялық сервисінде бұл атау мүлде көрсетілмеген.
Жауапты органдардың хабарлауынша, жақын арада Магомед Нурбагандов атауы 2GIS пен Yandex-тің электронды карталарынан алынып тасталады.
