Астанада «Жеңіс лентасы» патриоттық акциясы басталды

Ақтоты Жапатова 06 мам. 2025 14:32 283

Астанада Есіл өзенінің жағасында патриоттық акция өтіп жатыр. «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «Жеңіс лентасы» ленталары мен төсбелгілерін таратуда,- деп хабарлайды Dalanews.kz

«Жеңіс лентасы» ленталарын тарату науқаны 6 мамырда басталып, 8 мамырға дейін жалғасады. Барлығы 30 мың данасын тарату жоспарланып отыр.

«Бұл ленталар – ата-бабамыздың қан майдандағы ерліктерін еске алудың символы. Бұл ленталар біздің алғысымыздың кішкентай символына айналсын», – деп атап өтті іс-шараға қатысушылардың бірі.

Акция тарихи естеліктерді сақтауға және бейбіт өмір сыйлаған батырлардың ерлігіне құрмет көрсетуге бағытталған.

Іс-шараға қатысушылар қала тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтап, Жеңіс күнінің маңыздылығы мен тарихи мұраның маңыздылығын еске салды.

Патриоттық акция елордада Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында өткізілетін іс-шаралардың бір бөлігіне айналды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар