Астанада Jana Beles Fest шығармашылық фестивалі өтіп жаты
Елордада Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бастамасымен Jana Beles Fest шығармашылық фестивалі басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Фестиваль 29 сәуірге дейін жалғасады және ең талантты студенттердің басын қосады.
Фестивальге «Вокал», «Ұлттық би», «Заманауи би», «Ұлттық аспаптар», «Сахналау» және «Үздік жанкүйерлер» сынды номинациялар кіреді.
«Фестивальдің мақсаты – жастар арасында мәдениет пен өнерді, көшбасшылық және коммуникативті дағдыларды дамыту, достық қарым-қатынасты нығайту, дарынды жастарды қолдау. Фестиваль елордада екінші рет өткізіліп отыр. 2019 жылы алғаш рет ұйымдастырылды. Биыл 35 колледждің студенттері қатысып жатыр. Жабылу және марапаттау рәсімі 29 сәуірде Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді», - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Сапарәлі.
Концертте «Вокал» номинациясының қатысушысы Наргиз Маликова «Қазақ елі осындай» патриоттық әнін орындады. Оның айтуынша, ол әйгілі әнші Маржан Арапбаеваның жанкүйері, оның вокалдық шеберлігіне ғана емес, харизмасына, сондай-ақ алуан репертуарына да тәнті.
«Мен қызмет көрсету және туризм колледжінде оқимын. Бұл фестиваль – менің алғашқы тәжірибем. Онда қойылым алдында ерекше атмосфера бар. Аспаз мамандығын оқып жатқаныма қарамастан, вокалға деген құштарлығым бала кезімнен бар. Бұл жер – өз өнеріңді ғана емес, сонымен қатар өз талантыңды көрерменмен бөлісудің тамаша мүмкіндігі», – деді фестиваль қатысушысы.