Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Сағыныш Сардарова 14 нау. 2026 12:00

Астанада жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшерін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Медицина қызметкеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған.

Онда мас күйдегі екі ер адам болған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Медицина қызметкерлері тексеріп, көмек көрсеткеннен кейін оқиға орнынан кетуге дайындалған кезде ер адамдардың бірі фельдшерді соққыға жыққан.

Оқиға куәгерлері полиция қызметкерлерін шақырған.

"Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove