“Астанада бір жапырақ алғыс хатқа жарымадық”. Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атанды

Қаракөз Амантай 26 мам. 2025 11:17

Танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызына Қытайдың Сиань қаласындағы консерватория профессор атағын табыстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Бұл консерваторияда 6000 болашақ музыканттар өз мамандығы бойынша оқиды. Консерваторияға түсу бақыты – сол адамның маңдайына қонатын бақ. Әсіресе, бұл білім ордасында профессор болу деген… сөзбен жеткізе алмаймын”, – деп жазды өнер иесі.

Алайда әнші өз еліндегі еңбегі ескерусіз қалғанын да жасырмады.

“11 жыл бұрын Қырғыз ұлттық консерваториясының профессоры атанғанмын. Ал біздің Астанадағы "Шабыт" ұлттық консерваториясында қанша жыл жұмыс істеп, шәкірттерім халықаралық конкурстарда 1-орын алса да, бір жапырақ алғыс хатқа жарымадық. Бірақ, шүкір! Халықтың махаббатынан артық не керек деп жүре бердік”, – деп бөлісті ол.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар