Астанада Allur мен Li Auto-ның алғашқы толыққанды дилерлік орталығы ашылды

Dalanews 12 жел. 2025 11:36

Елордада Allur және Li Auto брендінің алғашқы толыққанды дилерлік орталығының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Салтанатты шараға Li Auto компаниясының халықаралық бизнесін басқаратын жетекші маман Нестор Ву, Allur компаниялар тобының басшылығы, тұтынушылар, серіктестер, сондай-ақ танымал автоблогерлер мен инфлюенсерлер қатысты. Қонақтарға Li Auto-ның L6, L7 және L9 модельдері, инновациялық интеллектуалды жүйелер және сервис стандарттары таныстырылды.

Allur компаниялар тобының бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Мұхамед Әлімханов бұл оқиғаның компания үшін маңызын атап өтті. 

«Біз үшін әрбір дилерлік орталықтың ашылуы — жай ғана желіні кеңейту емес. Бұл — клиенттер үшін ыңғайлы әрі инновациялық экожүйе құру жолындағы маңызды қадам. Li Auto — ойластырылған жайлылықтың, әсерлі технологиялардың және болашаққа батыл көзқарастың үйлесімі. Бұл болашақ бізге тағы да жақындай түсті. Li Auto-мен стратегиялық әріптестік — біздің компания үшін аса маңызды бағыт. Ақпанда Алматыда 3S форматындағы жаңа заманауи автоорталық ашып, желіні одан әрі кеңейтеміз», — деді ол.


Өз кезегінде Li Auto компаниясының халықаралық бизнес жөніндегі басқарушы директоры Нестор Ву Астанадағы орталықтың ашылуы жаңа кезеңнің бастауы екенін айтты.

«Бүгін біз Астанада жай ғана автосалон ашып тұрған жоқпыз. Біз Allur сынды нарық көшбасшысымен бірлескен жаңа кеңістіктің негізін қалаудамыз. Мұнда интеллектуалды жүйелер, гибридті технологиялар және премиалды жайлылықтың жаңа мүмкіндіктері тоғысады», — деді ол.


Li L6 моделі Pro және Max жиынтықтарында ұсынылған, бағасы 22 990 000 теңгеден басталады. L7 және L9 модельдері Ultra жинағында қолжетімді — премиалды интерьер, үлкен дисплейлер және салондағы қосымша мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.

Ресми Allur | Li Auto дилерлік орталығынан гибридті көлік сатып алған клиенттер үш жыл немесе 100 мың шақырым кепілдікке, түпнұсқа қосалқы бөлшектерге және тұрақты бағдарламалық жаңартуларға қол жеткізеді. Жаңа автоорталық толық циклді кейінгі қызмет көрсетуді ұсынады. Li маркалы автокөлік иелерінің басым бөлігі ресми сервистің жоғары деңгейін бағалап үлгерген.

Allur компаниясының жоспарында — Li Auto модельдік қатарын кеңейту, сондай-ақ қаржылық өнімдер мен сатудан кейінгі қызметтерді ұсыну бар.

Жаңа дилерлік орталық Астана қаласында, Тұран даңғылы 59/4 мекенжайында орналасқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар