Таразда терезеден шырт түкірген полицей жауапқа тартылды

Таразда терезеден шырт түкірген полицей жауапқа тартылды
видео кадры

Таразда патрульдік көліктің терезесінен түкірген полицейдің ісі сотта қаралады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Желіде тараған видеоны оқиға куәгерлері түсірген. Жамбыл облысының Полиция департаменті видеодағы полиция қызметкерінің әрекетіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

"Тексеріс нәтижесінде полиция қызметкеріне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды", – деді ведомство өкілдері.

Видеодан қызметтік көлік қозғалғаннан кейін полицейлер қауіпсіздік белдігін тақпағанын да байқауға болады. Алайда Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берген жоқ.