Астанада 7 мамыр күні ауқымды әскери шеру өтеді

Ақтоты Жапатова 06 мам. 2025 10:58 362

Астанада 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтеді,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылды.

Елордада 7 мамыр күні мереке құрметіне концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандарда шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі:

  1. Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);
  2. «Астана Арена» стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт);
  3. «Astana Music Hall» автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция).

Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі.

Мына жайттарға назар аудару қажет:

  • Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі.
  • Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлауды және өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
  • Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз.
  • Көрсетілген учаскелерден өту және жол жүру барлық іс-шара аяқталғаннан кейін қайта жанданады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар