Қазақстанда қабылданбаған қоңырауларға автоматты түрде қайта хабарласуға шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда қабылданбаған қоңырауларға автоматты түрде қайта хабарласуға шектеу қойылуы мүмкін
Фото: gov.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов көтерген роботтандырылған қоңыраулар мәселесіне байланысты жаңа өзгерістер әзірленіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұсынылған түзетулерге сәйкес, мобильді байланыс арқылы автоматты түрде қайта қоңырау шалу қызметі шектеліп, байланыс негізінен мәтіндік форматқа ауысуы мүмкін.

Сондай-ақ рұқсатсыз трафик қалыптастыратын жүйелерге тыйым енгізу де қарастырылуда. Қаулы жобасын қазір Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі пысықтап жатыр.