Астанада 15 метрлік жент жасалды

Ақтоты Жапатова 17 нау. 2025 12:54 214

Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласындағы Сервис және туризм колледж ұжымы ұмытылып бара жатқан қазақтың дәстүрлі тағамы – жентті дайындауды қолға алды, деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл шараға 15 өндірістік оқыту шебері, 31 оқытушы және 55 студент белсенді түрде қатысып, ұлттық тағамды әзірлеудің қыр-сырын меңгерді. Дайын өнімнің көлемі де таңғаларлық: жентке 50 кг талқан қолданылды. Оның жалпы ұзындығы – 15 метр, ені – 30 см, ал биіктігі – 4 см. Жалпы салмағы – 150 кг-ға жуық.

Айта кетейік, жент - қазақтың аса шеберлікпен жасайтын әрі өте дәмді, тағамдық нәрі мол жеңсік тағамдардың бірі. Жент қыста қатпайды, жазда бұзылмайды, әрқашан дәмі мен нәрін сақтайды. Соған орай көшпелі халықтың дастарқанынан үлкен орын алған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар