Астанада 10 мыңнан астам бала бір мезетте Мемлекеттік әнұранды орындады

Ақтоты Жапатова 04 мау. 2025 14:21

Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Астанадағы жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жазғы лагерьлерінде ауқымды патриоттық іс-шара ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz 

Қаланың 92 мектебі мен 13 қосымша білім беру орталығының қатысуымен өткен бұл іс-шара аясында 10 000-нан астам бала бір мезетте Мемлекеттік әнұранды орындады.

Мұндағы мақсат – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Әнұран шырқау рәсімі балалардың өз Отанына деген мақтаныш сезімін оятып, біріктіруші рух берді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

Айта кетейік, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні, бұл мереке 2007 жылдан бері ресми түрде аталып өтеді. Бұл күн – Елтаңба, Ту мен Әнұран сынды тәуелсіздігіміздің нышандарын құрметтеудің жарқын көрінісі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар