Астана тұрғындарын енді дрондар бақылайды

Сағыныш Сардарова 05 қар. 2025 17:49

Астанада дрондар мен интеллектуалды тану жүйелері арқылы бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ІІМ мәліметінше, қала өміріне толық бақылау орнатылған. Ол үшін түрлі заманауи құралдар кешені - көше бейнекамералары, смарт-жетондар, автопатрульдерге орнатылған бейнеқұрылғылар және ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылады.

"Ерекше назар "Дрондардың бірыңғай инфрақұрылымы" пилоттық жобасына аударылған. Оның аясында жол қозғалысына әуеден бақылау жүргізіледі. Қазіргі таңда алты заманауи дрон күн сайын қала көшелерін шолып, көліктерді бақылайды, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын тіркейді, көлік нөмірлерін анықтап, оларды іздеу базаларымен салыстырады. Осылайша, полиция қызметкерлері кез келген жағдайға жедел әрекет етуге мүмкіндік алады", - деді полиция.

Мысалы, дронның көмегімен теміржол өткелінде шлагбаум жабылар сәтте жолды кесіп өткен Kia көлігінің жүргізушісі анықталған. Бұл дерек полицияның жедел басқару орталығына жолданып, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар