Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек елордалықтарды қала құттықтады

Жарбол Кентұлы 06 шіл. 2024 12:24 3114

Бүгін 6 маусым Астана қаласы күніне орай Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қала тұрғындлары мен қонақтарын айтулы мерекмен құттықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары! Елордамыздың 26 жылдығы құтты болсын!

Қаламыздың қалыптасуы мен даму жолының артында қашанда сіздер тұрасыздар! Сіздер түрлі салаларда еңбек етіп жүрсіздер: балаларға білім беру, науқастарды емдеу, нысандар салу, туризмді дамыту. Әрқайсыларыңыз қаламыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрсіздер.

Астанамыз 300 мың тұрғыны бар арқа даласындағы шағын қаладан ірі мегаполиске айналды. Қазір қалада 1,5 миллионға жуық адам тұрады.

Қаламызды одан ары жайлы ету жолында жүйелі бірқатар мәселені шешу үшін жұмыс істеп жүрміз. Олар – тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, инженерлік және жол инфрақұрылымы, білім беру, спорт және медицина нысандары, қоғамдық және аулалық кеңістіктер нысандарының құрылысы.

Бұл күндері қалада ондаған түрлі іс-шара өтіп, жаңа қоғамдық және аула кеңістіктері ашылып жатыр.

Астана күні құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат тілеймін! – деп елорда әкімі жүрекжарды тілегін тұрғындарға арнады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар