Жүсіпбек Қорғасбек 15 млн теңге ұтып алды

Самал Асқар 31 нау. 2026 18:46

Алматыда өткен «Қазіргі заманғы қазақ романы» байқауында жазушы Жүсіпбек Қорғасбек бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Dala News.

Жеңімпазға 15 миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды. Бас жүлде жазушының «Кельндегi көкжал» романына берілген.

Шығармада үш ұрпақтың тағдыры, сондай-ақ шетелге сатылған қазақ баласының өмір жолы көркем түрде суреттеледі. Романда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – бала саудасы тақырыбы қозғалған.

Айта кетейік, байқау аясында жарық көрген кітап демеушілердің қолдауымен басылып шыққан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove