Бүгін күн райы қандай болады — синоптиктер болжамы

Қаракөз Амантай 01 сәу. 2026 07:30

Бүгін еліміздің әр өңірінде ауа райы әркелкі болады. Синоптиктердің болжамынша, кей аймақтарда жауын-шашын күтілсе, енді бір өңірлерде күн ашық әрі құрғақ болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазгидромет" мәліметіне сәйкес, атмосфералық фронттардың әсерінен батыс өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Әсіресе батыс аймақтарда жауын-шашын мол түседі.

Ал елдің қалған бөлігінде антициклон ықпалы сақталып, жауын-шашынсыз, тұрақты құрғақ ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар синоптиктер кей өңірлерде тұман түсіп, батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарда желдің күшеюі мүмкін екенін ескертеді.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Түркістан облысының батысында және Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove