«Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі болуы тиіс. Жоғарыда жарияланғандарды ескере отырып, елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей еңбегін атап өтуді, Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да нысандарында көрсетуді ұсынамыз», - деді Сұлтанов. Оның атап өтуінше, біздің тұтас мақсатымыз - Елбасы төңірегіне топтасып, ең қымбат қазынамыз - Тәуелсіз Қазақстанды көзіміздің қарашығындай сақтап, жаңа ұрпақтарымызға аманаттап, мәңгілік ел құндылықтарын қастерлеу. «Тәуелсіздік біздің ең басты ұйыстырушы құндылығымыз болған, қазір де солай және болашақта да бола бермек», - деді депутат.