Астана қаласы мәслихатының кезекті отырысында МӘМС пен денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің кредиторлық қарыздары мәселелері депутаттардың талқылауына түсті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов бұл бағытта жүйле түрде шешуді талап ететін біраз мәселелердің бар екенін алға тартты.
– Бүгінде МӘМС және денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекемелердің кредиторлық қарыздары өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселелерді жүйелі түрде шешуіміз керек. Өткен жылмен салыстырсақ, барлық денсаулық сақтау нысандарында жалған көрсеткіштер саны айтарлықтай өсті, бұл консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету, стационарлардың жұмысы және басқа да көптеген салаларды қамтып отыр. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына кінәлілерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде айыппұл төлеуден бастау керек, – дейді Ерлан Каналимов.
Мәслихат төрағасы көптеген шағымдар медициналық қызметтердің сапасына байланысты екенін алға тарта келе, олардың бір бөлігі жедел түрде шешілетінін де айтты.
– Елордалық денсаулық сақтау ұйымдарының кредиторлық қарызы көбінесе дәрі-дәрмектерді артық сатып алумен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, «қабынған» штаттармен және бірінші басшылардың қаржылық сауатсыздығымен байланысты туындауда, – деді.
Өз кезегінде мәслихат депутаттары Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына заң бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын дайындауды тапсырдым. Бұл мәселе алдағы уақытта Астана қаласы мәслихатының бақалуында болады.