Astana Hub экожүйесінде жүзеге асырылып жатқан стартаптардың жиынтық табысы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 103 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Dala News.
Бұл туралы Үкімет отырысында Жаслан Мадиев мәлімдеді.
«Astana Hub экожүйесінде 379 AI жобасы жүзеге асырылып жатыр. Стартаптардың жиынтық табысы 2025 жылдың қорытындысы бойынша 103 млрд теңгені құрады, ал жалпы табыс 230 млрд теңгеге жетті. 2025 жылғы экспорт көлемі 3,5 млрд теңгеден асты, сондай-ақ 5 700 жұмыс орны құрылды», – деді ол.
Министрдің айтуынша, бұл көрсеткіштер Қазақстанда технологиялық шешімдерді әзірлеу мен жасанды интеллектіні экономиканың түрлі саласына енгізуге арналған белсенді экожүйе қалыптасып жатқанын көрсетеді.
