Астана – Бурабай бағытында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін

Асель Қайратқызы 13 қар. 2025 17:22

Астана қаласы және Бурабай курортын әуе маршруты арқылы байланыстыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Ол Шучинск-Бурабай  курорттық аймағы облыстың туристік картасында ерекше орын алатынын атап өтті. Наурыз айында 2029 жылға дейінгі даму жоспары бекітілген, оның басты бағыты – туристік, транспорттық және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту.

Әкім сонымен қатар туристерге «тек көл жағасында демалу ғана емес, одан да көп нәрсе ұсынғысы келетінін» айтты. Сондықтан биыл Бурабай курортында тікұшақпен экскурсиялар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, кішігірім әуежай салу және Астанамен тікелей рейсті іске қосу жоспарланып отыр.

«Астанамен тікелей әуе қатынасын қамтамасыз ету үшін кішігірім әуежай ашу жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жолдағы уақытты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді», – деді Ахметжанов.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар