Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығы оқ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Dala News.
Әлеуметтік желілердегі мәліметке сәйкес, 15 наурыз күні қарауылдың үшінші бекетінде ведомстволық күзет қызметкері карабиннен абайсызда оқ атып, қарауыл бастығына тиген.
Оқиға салдарынан жараланған ер адам ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті аталған фактіні растап, қаза тапқан адамның әскерилендірілген күзет қызметінің азаматтық қызметкері болғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралар нәтижесінде анықталады», – деп мәлімдеді ІІМ.
